Бекболат Тілеухан өзін суретке түсірмек болған фототілшіге тап берді

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан өзін суретке түсірмек болған фоторгафқа тиісті деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл оқиға бүгін мәдениет және спорт министрінің қоғамдық кеңес алдындағы есеп беруі кезінде болған.

Іс-шара баталысымен видео және фото операторлар «дөңгелек үстелді» айналып, кеңес отырысын түсіре бастады. Ақпараттық агенттіктің бір фотографы кеңес мүшесі, парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханға жақын тұрып, фотоға түсіріп жатқанда халық қалаулысы атып түрегіліп, фотооператордың қолынан шап беріп, ұстап алды.

Фототілші өз аппаратын көрсеткеннен кейін Бекболат Тілеухан өз орнына отырды.

Фотографтың айтуынша, депутат оның ұялы телефонын түсіріп алды деп ойлады.

«Мен өзім түсінбей қалдым. Фотоға түсіріп жатқанда, Бекболат аға ұялы телефонын шұқылап отырған. Сол кезде мені артынан келіп, ұялы телефонын түсіріп алды деп ойлап қалды. Атып түрегеліп, сыртқа шығарғысы келді. Мен басу айтып, фотоаппараттағы суреттерді көрсеттім. Ол көзі жеткеннен кейін өз орнына отырды», — дейді фототілші.



Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий