Бекболат Тілеухан. Фото: inform.kz
«Тобыр бір кемшілігіңді көрсе, жүз жақсылығыңды ұмытып, жер аударып жіберуге бар. Әттең, тек қолдарында закон қуаты жоқ. Дәл осылар жиылып тас атуға құмар, соттауға құмар, дұрысты теріске шығаруға шебер», — деп халықтың басым көпшілігін «масқара үлкен күшке» теңеген Азамат жазбасының соңында: «Бекболат аға! Бірлі жарым әнші-сазгер, бірлі жарым шенеунік, бірлі жарым ғалым, бірлі жарым журналист, бірлі жарым философ-жазушының қызғаныш пен көреалмастықтан туған арыз-айқайын көңіліңізге алмағайсыз», — деп басу айтқан.
Фото: Facebook
Жазба авторының бұл сөздерімен келіспейтін желі қолданушылары: «Азамат Битан деген қай əулие?», «Қатты тиіпті ғой ағасының пасықтығын бетіне басқандардың сөзі. Төгіпті-ай захарын», «Бұлар бірдеңе болса Бекболат ағаларына xат жазып шығады екен», « Әркімнің тобыры әр түрлі. Мен үшін де біреулер тобыр. Мен де басқаға тобырмын», — деген сынды пікірлер жазып, өз наразылықтарын білдірген.
Айта кетерлігі, аталмыш постқа қарсы шыққандар қатарында атақты журналистер мен жазушылар да бар.