Бекболат Тілеуxан
«Елдің өзі элиталық қауым деп атап жүрген, білім мен ғылымға жақын журналистердің тіліне көңілі тола бермейді. Көптеген себептері бар. Қазақ тіліндегі екпіндер дұрыс қойылмайды, көзсіз еліктеу көп. Орфоэпия мен орфографияны ажырата алмайтындар қалай жазылса, солай оқиды» , — дейді Бекболат Тілеуxан.
Депутат сонымен қатар отандық теле-радиодағы қазақ тілінің үлесіне көңілі толмайтынын жеткізді.
«Мемлекеттік тілдің жағдайы әлі де мәз емес. «Айта-айта қасқырдан да ұят болды» дегендей, осы мәселе әбден жауыр болды. Халық көретін прайм-тайм уақыттарда түрік, кәріс, үнді сериалдары көрсетіледі. Ал радионы музыкалық бағдарламалар жаулап алған. Мысалы, Францияда америкалық өнімдерді телеарналарда, кинопарктерде көрсетуге квота берілген. Бізге де осындай бір талап қажет шығар», — дейді мәжіліс депутаты.