АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейдің Украина шекарасына әскерін көбейтуге байланысты Беларусьтан жеті америкалық мемлекеттік қызметкері шұғыл шығып кетсін деген бұйрық берді.
Осыған дейін АҚШ билігі COVID-19 пандемиясына байланысты азаматтарын Беларусьқа баруды шектеуді ұсынған. Енді бұған Украина шекарасындағы жағдай қосылып отыр.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Киевтегі елшіліктен қызметкерлерін шығаруды бастады. Мұның артынша Ұлыбритания, Австралия және Германия да елшілік қызметкерлерін эвакуациялайтынын мәлімдеген. Бұл шараға Канада да қосылды.
Украина президенті Владимир Зеленский дипломаттардың елден кетуін қателік деп есептейді.
Қаңтар айында Ресей мен Беларусь «Одақ шешімі» деген атпен бірлескен әскери жаттығу өткізетінін мәлімдеп, бұл ақпан айының соңына дейін жалғасады деген. Батыс болса Ресей Украинаға басып кіру үшін шекара маңына әскерін топтастырып жатыр деп қауіптенеді. Кремль болса, мұны теріске шығарады.