Белгілі көріпкел Үшінші дүниежүзілік соғыстың жақындап қалғанын айтты

4 мемекеттің басшысы. Фото: express.co.uk

Португалиялық көріпкел Горацио Вильегас Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мерзімін атады. Бұл жайлы express.co.uk сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Вильегас 2015 жылы Дональд Трамптың президент сайлауында жеңіске жететінін болжаған. Ол сол кездің өзінде Дональд Трамп әлемге Үшінші дүниежүзілік соғысты алып келетінін айтқан екен.

Сонымен қатар көріпкел басылымға АҚШ-тың Сирияға шабуыл жасайтынын да ескерткен.

Техаста тұратын көріпкел-католик жақында әуеден жерге құлаған отты шарларды көргенін мәлімдеген.

Осыдан кейін, Вильегас үшінші дүниежүзілік соғыс 2017 жылдың 17 мамырында, Дева Марияның 100 жылдығына орай басталатынын «түсінген».

Көріпкелдің болжамынша, соғыс көпке созылмайды яғни осы жыл қазанның 13 күні аяқталады екен. Вильегас ядролық соғысқа АҚШ, Ресей, Солтүстік Корея және Қытай қатысатынын айтады.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий