Белгілі журналист күйеуінің көзіне шөп салғанын ашық айтқан Баянды сынға алды

Скриншот facebook

Танымал журналист Арман Сқабылұлы «өзінің күйеуіне шөп салғанын» елге қымсынбастан баяндап берген Баян Мақсатқызын қатаң сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық басылымдардың біріне берген видеосұхбатында Баян Мақсатқызы өзінің жеке өмірі туралы ашық айтқан болатын. Осыған қатысты Арман Сқабылұлы наразылық танытып, одан қазақ әйелдерін азғырмауды сұрады.

Скриншот facebook желісіндегі А. Сқабылұлының парақшасынан алынды

«Аталарымыз аттың құйрығына байлап жіберетін «азғынды» насихаттап қоймадық -ау! Күйеуіңнің көзіне «шөп» түгілі «сабан» салсаң да, жалпақ жұртқа жар салып, арлы ұлтымды азғырма, Баян ханым!», — деп жазды ол өзінің Facebook желісіне жазған жазбасында.

Желі қолданушылары бұл сұхбатты қызу талқыға салып, түрлі пікірлерін жазып жатыр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий