Белсенді Аслан Өтепов 7 жылға сотталды

23 мамырда Орал қалалық соты «Халық коррупцияға қарсы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, заңгер Аслан Өтеповті 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сот оны «алаяқтық», «пара беруге азғырды» баптары бойынша айыпты деп таныды.

Аслан Өтепов өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Сот шешіміне қарсы шағымданатынын мәлімдеді.

Ол қарсылық ретінде 21 мамырда бастаған аштығын жалғастыра беретінін айтты.

Сот шешіміне сәйкес, Өтеповке өмір бойы сот жүйесінде, мемлекеттік қызметте, банк саласында жұмыс істеуге тыйым салынды.

Қоғам белсендісі Аслан Өтепов осыған дейін құрамында есірткі бар «Трамадола» дәрісі заңсыз таралып келеді деп дабыл қаққан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий