Фото: ulttyqsport.kz
«Оқушылардың тамағын жойғандарды, мектеп, жол, көпір саламыз деп мемлекеттің ақшасын жегендерді, бейбітшілік күнде қолына қару алып бейкүнә азаматтарды атқандарды, балақ кесіп қазақтың қыздарын талақ айтып бір бірлеріне сыйлаған бауырларыңды, жерді сатамын деп заң шығарғандарды ауыздықтасаңыз қайда қалдыңыз? Халықтың аузына ауыздық салатындай, халық мал ме еді? Ауыздықты сізге салу керек», — деп жазды ол.
«Халық қазір күш. Халықтың аузын жабуды ойламай, халықтың көңілінен шығуды ойлаңыз, аға! Мінбеге халықтың аузын жабу үшін отырдыңыз ба?», — деп сұрақты төтесінен қойды блогер.
Сонымен бірге, ол Бекболаттан қоғамда өршіп тұрған өзекті мәселелерге көз жұма қарамауды сұрады.
«Қыршын кеткен тоғыз полиция қызметкерлерінің жағдайын сіз толғамағанда кім толғайды? Зорланып жатқан сәбилердің жан айқайын сіз жырламағанда, кім жырлайды, аға? Аға, неге біз осының бəрін көре тұра ауыздықталуымыз керек? Сіз айта алмаған дүниені біз айтқанымыз үшін кінəліміз бе? Сол үшін ауыздықталуымыз керек пе? Осыған жауап беріңізші, аға!», — деді ашынған ол.