«Бэнквотч»: ЕДБ Өзбекстанға 690 млн доллар инвестиция құйған. Бірақ қаржының жұмсалуы ашық емес

Бас пәтері Прагада орналасқан «Бэнквотч» (Bankwatch Network) Еуропаның қайта құрылымдау және даму банкінің (ЕДБ) Өзбекстанға жүздеген миллион доллар несие беретін жобаларында «ашықтық және диалог» жетіспейді деп алаңдаушылық білдірді.

Үкіметтік емес ұйым ашықтық болмағандықтан, бөлінген қаржының қалай жұмсалып жатқанын анықтау қиын дейді. 2021 жылы ЕДБ Өзбекстанға 690 миллион доллар көлемінде қаржы бөлінгені хабарланған.

CEE Bankwatch Network үйлестірушісі Нина Лесихина Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкі бүгінгі күні Өзбекстанға ірі көлемде несие беріп отыр деп атап өтті. Бірақ бұл қаржының елдің әлеуметтік жағдайына жұмсалып жатқанын ешкім білмейді дейді.

«ЕДБ елде неғұрлым реформа болса, соғұрлым инвестиция бөлеміз деп мәлімдейді. Бірақ Өзбекстанда реформалар тек қағаз жүзінде қалып отыр. Ал банктің бөлген қаржысы өте қомақты. Бұл жобалар адамдарға пайда әкелгеннен гөрі зиянын көп тигізеді. Біз қазір осыны байқап отырмыз», – дейді Лесихина.

Былтыр ЕДБ Өзбекстанның 22 жобасына қаржы құйған. Олардың дені энергетика, орта және шағын бизнесті дамытуға арналған. Атап айтқанда банк күн жүйесімен жұмыс істейтін электр станциясының құрылысына 21,8 млн еуро ақша бөлген.

Сонымен бірге британиялық Financial Times басылымының жазуынша, ЕДБ жыл сайын авторитарлық лидерлер басқаратын елдерге жыл сайын 10 миллиард еуро қаржы бөледі.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий