Бейтаныс азамат келіншекке кішігірім жақсылығы үшін қыруар қаржы сыйлады (фото)

Трейси. Фото: humor.fm

АҚШ-тың Джорджия штатында бейтаныс азамат бойжеткенге кішігірім жақсылығы үшін он мың доллар сыйға тартты.

39 жастағы Трейси Уоршал әмиянын ұмытып кеткен ер адамға көмек қолын созады. Ол азық-түлік сатып алмақ болған азаматтың орнына жеті долларды төлеп берген. Бұл кішігірім жақсылығы әйелге көп ұзамай еселеніп қайтып оралды.

Трейси өзінің кім екенін айтпағанымен, бейтаныс азамат оның үстіндегі жұмыс орнының атауы бар жейдесінен келіншекті оңай тауып алған. Сөйтіп жұмыс орнына барып, он мың долларды алғыс ретінде ұсынған ол Трейсиге күтпеген тосын сый жасайды.

Дереккөз: humor.fm

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий