Бибігүл Жексенбай Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Бибігүл Жексенбай. Фото: shalkarfm.kz

Бибігүл Жексенбай Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды парламенті сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz.

«Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай парламент сенаты төрағасының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Бибігүл Жексенбай қызметтік жолын 1992 жылы «Спорт» республикалық басылымында тілші болып бастаған. Кейінірек республикалық қоғамдық-саяси «Жас Алаш» газетінде жұмыс істеді. «Атамұра» басылымының тілшісі болып қызмет атқарды. Редактор, продюсер қызметтерін атқарды, кейіннен «Хабар» агенттігінің директоры болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Бибігүл Жексенбай «Қазақстан» телерадио корпорациясында да жұмыс істеді.2008 жылдың қыркүйегінен бастап Бибігүл Жексенбай «Эра» ТВ бас директорының орынбасары – бас редакторы қызметін атқарды. 2010 жылдың мамырынан «Жетінші арна» бас директоры болды, 2011 жылдың қаңтарынан – «Жетінші арна» ТВ директорлар кеңесінің төрайымы.

Айта кетсек, Б.Жексенбай бас редакторлар клубының президенті.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий