Білегімен сүйек сындырған қария елді өзіне қаратты (ВИДЕО)

Желіде егде жастағы қарияның көпшілікті таң қалдырған әрекетінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды NewТimes.kzақпараттық агенттігі.

Желіде тараған видеодан қарияның ірі сүйекті білегімен ұрып, сындырғанын байқауға болады. Оны көрген айналасындағылар білегінің күші деп мақтай жөнеліп, қошеметке бөлейді. Видеоны көрген желідегілер қарияның күш-қайратына таңданып, оған ұзақ ғұмыр тіледі. Тіпті бірі атақты актер, Брюс Лиді жолда қалдыратынын алға тартты. Айтпақшы, желі қолданушыларының болжамы бойынша қарияның бұл әрекеті жілік сүйек сындыру салты бойынша жүзеге асқан болуы мүмкін.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий