Бір аптада «102» арнасына 8000-нан аса қоңырау түсті

2023 жылғы 27-ақпан мен 5-наурыз аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 8331 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3787 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 12 қылмыс ашылған.

Оның ішінде: ұрлық — 6, тонау – 2, автокөлікті заңсыз иелену – 2, басқа да — 2.

Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 954 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 333, жол ережесін бұзған – 511, одан басқа да 110 жайт анықталды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий