2023 жылғы 6 мен 12-наурыз аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 9088 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 4259 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 8 қылмыс ашылған.
Оның ішінде: ұрлық – 4, тонау — 1, басқа да — 3.
Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1157 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 338, жол ережесін бұзған – 694, одан басқа да 125 жайт анықталды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі