Бірнеше күн бойы тамақ ішпеген сириялық бүлдіршіннің көз жасы

Бірнеше күн бойы тамақ ішпей, аш жүрген сириялық бүлдіршін желі қолданушыларын жылатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Instagram желісіндегі «Өмір жолы» деп аталатын парақшада сириялық бүлдіршіннің аянышты видеосы пайда болды.

Әкесі әскери іс-қимылдар нәтижесінде қаза тапқан кішкене қыз өзінің есімін де білмейді екен.

«Бүгін бірдеңе жедің бе?»,  — деген сұраққа қыз үндеместен жылап жіберді.

Мұны көрген желі қолданушылары аш-жалаңаш қалып, әке-шешесінен айырылған балаларды аяп кетті.

«Әлемде балалар жыламаса екен»,  — деп тілеген олар қыздың өміріне алаңдаушылықтарын жасырмады.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий