Қырғызстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 9 мамырда Бішкектің «Ала-Тоо» алаңында әскери парад болмайды.
Министрлік мәліметінше, бұл күні Жеңіс алаңында митинг-реквием ұйымдастырылады, сонымен бірге «Өшпес полк» шеруі өтеді.
Бұның алдында Қазақстан биыл Жеңіс күніне арналған дәстүрлі әскери парад өтпейтінін хабарлаған.
Қырғызстанда бұған дейінгі екі жылда 9 мамырда әскери парад және басқа да көпшілік шара ұйымдастырылмады. Мұндай шешімге коронавирус індеті себеп болды.