Әлемдегі ауасы лас қалалардың тізімін анықтайтын AirQuality интернет-сервисі 11 желтоқсанда жаңа зерттеуін жариялады.
Онда Бішкек бірінші болып тұр. Егер көрсеткіш 50 балға дейін болса, онда ауа таза, қалыпты дегенді білдіреді. Егер 300 балға жетсе, өте қауіпті көрсеткіш. Бішкекте ауа ластығы 288 балға жеткен.
Елдің экология министрлігі 2016 жылы Бішкек әлемдегі ауасы лас он елдің ішіне кіретінін мәлімдеген. Былтыр үкімет ауаның ластануының себебін анықтайтын арнайы комиссия құрған.
Фин метеорологиялық институттың зерттеуі бойынша, Бішкектегі ауаның ластануының себебі тұрғын үйлерді көмірмен жылытуында.