AirQuality интернет-сервисінің нұсқасы бойынша, 7 қарашада Бішкек әлемдегі ауасы ең лас қала деп танылды. Қырғызстан астанасындағы ауа сапасының индексі 269 бірлік болған.
Бішкек ауасы лас қалалар тізімінде Дели, Карачи, Лахор және Тель-Авив қалаларын артта қалдырды.
8 қарашадағы мәлімет бойынша, Бішкек үшінші орынға түскен. Бұл күні ауа сапасын өлшейтін құралдар 261 бірлікті көрсеткен. 50 бірлікке дейінгі көрсеткіш қала ауасының таза екенін білдіреді. 300 бірліктен асса бұл қаланың ауасы адам денсаулығына өте зиян деп саналады.
Жыл сайын қыс жақындаған уақытта Бішкек ауасында РМ2,5 бірліктері көбейеді. Билік ауаның ластану себебін жекеменшік секторлардағы үйлердің от жағуы мен автокөлік түтінінен көріп отыр.