Бішкек Украина азаматын Беларусьқа экстадицияламақ

Бішкектің тергеу абақтысында отырған украин азаматы Владимир Кадария Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа ашық хат жолдады. Бұл жөнінде оның адвокаты Автандил Алимжанов хабарлады.

Ашық хатында ол бұрын Беларусьта Андрей Ковалев деген аты-жөнмен тұрғанын, билік қуғындағаннан кейін, ол жақтан қашып, 2017 жылы Украинада босқын мәртебесін, біраз жылдан соң азамттығын алып, аты-жөнін Владимир Кадария деп өзгерткенін мәлімдеген.

Хатта ол Қырғызстанның бас прокуратурасы Беларусьтың оны экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырғанын жазған. Беларусь билігі оған «компьютерлік мәліметті модификациялау жолымен мүлік ұрлаған» деген айып таққанын білдірген.

Адвокат Автандил Алимжанов Кадарияның ашық хат жолдағанын растады.

Оның сөзінше, ол былтыр тамыз айында Қырғызстанға келіп, қыркүйекте Беларусьтың өтінішімен екі айға қамауға алынған.

Қамауда жатып, билікке босқын мәртебесін беру туралы өтініш түсірген. Былтыр жылдың соңында оған өтініші тіркелді деген түбіртек берілген. Алайда 12 желтоқсанда Бірінші май аудандық соты бас прокуратура мәліметі негізінде оны экстрадициялау туралы шешім шығарған.

15 ақпанда Бішкек қалалық соты аудандық соттың шешімін күшінде қалдырған.

БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссиариатының Орталық Азиядағы өкілі Фабио Пиана және БҰҰ-ның Босқындар агенттігінің Орталық Азиядағы өкілдігінің жетекшісі Ганс Дридрих Шоддер Бішкек билігіне қайрылып, Кадарияны экстрадициялау шешімі халықаралық конвенция мен жергілікті заңдарды бұзып жатқанын ескертіп, сот шешімін жоюға шақырған.

Әзірге қырғыз президенті ашық хатқа жауап бермеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий