Бішкекте Алтымышов атындағы көшенің жекеменшік үйінде жасырын есірткі зертханасы табылды. Онда каннабис пен галлюциногендік саңырауқұлақ өсіріп келген. Бұл жөнінде Бішкек қаласы ішкі істер басқармасы мәлімдеді.
Мекеме мәліметінше, заттардың бәрі сол жерде тәркіленген. Тәркіленген заттың салмағы 438,07 келі болған.
Бұл оқиға бойынша заңсыз есірткі сақтау бабымен қылмыстық іс қозғалған.