Бішкекте эпидемиялық жағдай күшеюіне байланысты қайта шектеулер енгізілді

Коронавирустың қайта күшеюіне байланысты Бішкектегі кафе-мейрамхана, кинотеатр, балалар алаңы жартылай ғана істейді. Вице-мэр Виктория Мозгачева мұндай шешім 15 маусымда қабылданғанын жеткізді.

«Бішкекте көпшілік орындарға былтыр қойылған шектеулер алынбады. Қалада эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылап, жиі рейд жүргізіледі» деді ол.

Қырғызстанда коронавирустың үшінші толқыны жүріп жатқанын 15 маусымда денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жалалидин Рахматуллаев мәлімдеген.

Бішкек пен Ош қалалары «қызыл зонаға» енді.

Соңғы тәулікте вирус жұқтырғандар арасында 100 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланады.

Соңғы екі аптада вирустан 100-ге тарта адам қайтыс болды.

Өлкеде ресми мәлімет бойынша, 110 мың адам індет жұқтырған. Олардың 103 мыңы сауығып, екі мыңға тарта науқас көз жұмған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий