Бішкекте есірткі заттары дайындалған зертхана әшкереленді

Қырғызстан астанасының Ленин ауданында құқық қорғау органдары есірткі заттары дайындалған зертхананы әшкереледі. Тінту кезінде бұл жерден шамамен 3 келі есірткі заты табылды.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күдіктілер есірткі заттарын Telegram мессенджері арқылы сатқан.

Тергеу мәліметінше, интернет-дүкеннің ізіне түскен күш құрылымдары «Мефедрон» есірткі затына тапсырыс берген. Соның нәтижесінде саудаласқан және есірткіні белгіленген жерге тастаған К.А. есімді азамат ұсталды. Есірткі зертханасы соның пәтерінде орналасқаны анықталды. Құқық қорғау органдары осы жерден «Мефедрон» (1,5 кг) мен «Альфа PVP» (0,8 кг) заттарын тәркіледі.

Күдікті Бішкек милициясының тергеу изоляторында отыр.

Мамандардың айтуынша, есірткі Ауғанстаннан Тәжікстан мен Қырғызстан арқылы Ресейге, Еуропа елдеріне тонналап өтеді. Есірткі тасылатын бұл жолды «Солтүстік бағыт» деп те атайды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий