Қырғызстан астанасындағы «Таатан» сауда орталығындағы кәсікерлер жаңа Салық кодексіне қарсы наразылыққа шықты. Қазір олар Жогорку Кенеш ғимараты алдында тұр.
Саудагерлер касса аппараттарын орнату жөніндегі талапқа қарсы. Олардың айтуынша, салық инспекторлары касса аппараттарын қолданбағандарға айыппұл салып жатыр. Саудагерлер бұған дейінгі патент әдісіне қайта оралғылары келеді.
Қырғызстанда жаңа Салық кодексі 2022 жылы қолданысқа енеді. Үкімет салықтар мен кеден алымдарын көтеруді көздеп отыр.
6 желтоқсанда президент Садыр Жапаров «Шағын бизнесті қолдау жөніндегі» жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, жылдық айналымы 8 млн сомнан аспайтын кәсіпкерлер салықтан босатылады. Алайда олар онлайн касса аппараттарын қолдануы тиіс.
Мәліметтерге қарағанда, Қырғызстанда салықтан төлемейтін заңсыз экономика үлесі 30-40 пайыз болған.