Бішкекте митингіге тыйым салу шешімі тағы үш айға созылды

Бішкекте митинг-пикеттерге тыйым салған шешімнің мерзімі тағы үш айға созылды. Бұл туралы 3 шілдеде Бірінші май аудандық соты хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, аудандық әкімдіктің бейбіт жиындарды өткізуді шектеу жөніндегі шешімді заңды деп тану жөніндегі арызы 29 шілдеде қаралып, қанағаттандырылған.

Енді сот шешіміне сәйкес, қаланың орталық бөлігіндегі бірқатар жерлерде митинг-пикет өткізуге 30 қыркүйекке дейін рұқсат берілмейді.

31 наурызда Бірінші май аудандық соты митинг-пикет ұйымдастыруға 30 маусымға дейін тыйым салу шешімін заңды деп тапқан болатын.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий