Бішкекте жолақы қымбаттады

Бішкек қалалық кеңесінің 28 қыркүйектегі шешімі бойынша қаладағы қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттады. Оған сәйкес, троллейбуста және автобуста жүру бағасы — 11 сом (55 теңге), ал маршруттық шағын автобустарда 15 сом (75 теңге) болады.

Жол ақысы 1 қарашадан бастап қымбаттайды.

Бішкек әкімдігі жолаушыларды тасуға кемінде 1,5 мың автобус керек екенін айтып келеді. Қазір Бішкекте 75 автобус, 120 троллейбус қатынайды. Бұдан бөлек «Шыдыр жол» компаниясының 14 автобусы жолаушы тасиды.

“Эко Эл ташуу” компаниясы 210 автобус алып келген. Сонымен бірге 800-дей шағын автобустар жолаушы тасиды.

Бішкекте соңғы рет жол ақысы 2012 жылы қымбаттаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий