Биыл ораза 29 күнге созылады

Фото: islam.kz

Биыл хижри күнтізбесі бойынша, ораза 29 күнге созылады. Ал Рамазан айы 2016 жылдың 6 маусымында басталады.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мәжілісінде Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері белгіленді. Бұл туралы Діни басқарманың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ғұлама-ғалымдар мен өкіл имамдардың бірауыздан дауыс беруімен 2016 жылы берілетін пітір садақа мөлшері 200 теңге болып бекітілді.

Пітір садақасы Рамазан айының бірінші күнінен бастап, ораза айт мерекесіне дейін беріледі.

Дереккөз: Nur.kz



Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий