Биыл Қырғызстан Қазақстан мен Түркіменстаннан 2 млрд кВт электр энергиясын алмақ

2023 жылы Қырғызстанда электр энергия қолдану сағатына 16,6 млрд кВт болуы мүмкін. 1,9 млрд кВт жетіспеуі мүмкін.

Осылай деп Қырғызстан үкімет басшысының орынбасары Бақыт Торобаев «Биринчи радиоға» берген сұқбатында айтқан.

«Жетіспеушіліктің алдын алу үшін Қазақстан мен Түркіменстаннан сағатына 2 млрд кВт электр энергия алуды жоспарлап отырмыз», — деген Торобаев.

Әзірге электр энергиясын импорттау басталды ма, жоқ па, ол жағы айтылмады.

2022 жылы жылу маусымы кезінде Қырғызстан сағатына 15,9 млрд кВт қолданған.

Торобаевтың айтуынша, қазіргі күні Тоқтағұл су қоймасындағы су көлемі 10,6 млрд текше метр болған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 818 млн текше метрге көп. Бірақ биыл күннің суықтығынан электр энергиясының шамадан тыс көп қолданылып жатқаны байқалады. Торобаев тұрғындарды электр энергиясын үнемдеуге шақырды.

Қырғызстанда 7 миллион халық бар. Соңғы жылдары елде электр энергиясы дағдарысы болып жатыр. Халықтың 5-7 пайызына электр энергиясы жетпейді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий