Біз неге ауырамыз?

Біздің денсаулығымызға әсер ететін сезімдер.

1.Ашу, ызаны іште сақтау. Сыртқа шықпаған ашу, ыза қауіпті. Ол ағзаны физиологиялық және психологиялық жағына күйретеді. Ашу, ызаны іште сақтап жүрген адамдар жүрек-қан тамырлар және т.б ауруларға ұшырайды. Бауыр (жылдар бойы жиналған ашу, ызадан), ұйқы безінің (шарасыздықтың ашу-ызасынан), Белла сал ауруы (ашу,ызаны тезеу үшін қиналғаннан), іріңді жаралар (ашу,ызаның қоюлануынан), қан қысымы (дұшпандығын білдірмей, тереңге тығылған ашу, ыза) ауруына әкеліп соғады.

2.Қорқыныш- оның себебі, шын мәніндегі немесе, ойдан шығарылған қауіптілік. Одан болатын аурулар: Баспа (ангина) (өзін көрсете, айта алмау қорқынышы), кіші дәретін ұстай алмау (ата-анасынан қорқуы), бедеулік (ата-ана болудан қорқу), Паркинсон ауруы (өзін-өзі бақылауда ұстаудан қорқу), асқазанның қорытпауы (өте қатты қорқыныш) ауруларын туғызады.

3.Кек алуды аңсау- табиғаттың бір бөлігі адамзатқа тән жабайы сезім және одан пайда болатын аурулар: ауыздан жаман, сасық иіс шығуы (өткені кедергі жасап, кек алу туралы айтылмай қалған ой), бет бұлшық еттерінің тартылуы (кек алу кернеуі), іріңді ісік (абцесс) (кек алуға асығу), бүйрек қызметінің жетіспеушілігі (өте қатал кек алу құштарлығы), құрт ауруы (туберкулез) (кектің жиналуы, кек алу туралы жоспарды ойлауы)

4.Өзін кінәлау сезімі-өзінің ойы мен ісіне жауапкершілігіне кінәлау сезімі, одан болатын аурулар: ер адамдардың белсіздігі (еркектердің әйелдер алдындағы кіналі сезімі), әйелдердің жыныс мүшесінің ауруы (әйелдердің жыныстық қатынастар негізіндегі кіналі сезімі), омыртқа аралық жарығы (грыжа) (өткеніне кіналілігін ойлауы), аяқ тырнақтарыңының ішке өсуі (вросший ноготь на ноге) (алға ұмтылуға кедергі жасайтын кінәлі сезім), жарақаттар, ауырсынулар (кіналылығы үшін өзін жазалағысы келгені).

5.Өзін-өзі қабылдай алмауы -өзіне өзі сенбеуі, оны жасыру үшін жаны қатты жабырқайды, ол мына ауруларға әкеліп соғады: әйел затының айсайынғы келетін етеккірі кезінде ауруы (өзінің әйелдік кейпін жеккөру), бетіне безеу, бөрткендердің шығуы (өзіне деген сүйіспеншілігінің жоқтығы), маскүнемдік (өзін жеке тұлға ретінде қабылдай алмауы), іш аурулары (өзін өзі жеккөруі), көздің қылилануы (осы жағдайда өзін-өзі көргісі келмеуі).

7.Өкпелеу- әділеттілік деген ұғыммен тығыз байланысты, әділетсіздік жасағаннан өкпелейді, одан мына ауруларға шалдығады:буын аурулары (артрит) (әділетсіз сынға өкпелеу), семіздік (ата-аналарына өкпелі), бүйректе тас жиналу (өзінде жиналған өкпе), обыр (тереңде жатып, айтылмай қалған өкпе).

Осы арада Дейл Карнегидің «Бізге мына ғаламда бірнеше жыл ғана өмір сүруге уақытымыз қалды, ал біз осы қайтып келмейтін сағаттарда бір жылдан кейін ұмыт болатын өкпе туралы ойлаймыз, ол туралы біздің айналамыздағылар да ұмытып кетеді» деген сөзін еске салғым келеді


Рабига Сыргабаева

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий