Bloomberg Billionaires Index: Әлішер Османов дәулеті 1 млрд долларға артты

Bloomberg индексіне сәйкес, ресейлік миллиардер Әлішер Османов дәулеті жыл басынан бері 1 млрд долларға артып, 19,5 млрд доллар болған.

Ресей президенті Владимир Путинге жақын адам деп саналатын Османов әлемдегі ең ауқатты 500 адамның ішінде 81-орында тұр.

Былтыр ақпанда Ресей армиясы Украинаға басып кіргеннен кейін Әлішер Османов есімі АҚШ, Еуроодақ және Ұлыбританияның санкциялар тізіміне енген.

Financial Times мәліметінше, Өзбекстан Еуропа Одағынан миллиардер Османовқа қарсы санкцияларды жоюын сұраған.

Өзбекстанның Наманган облысында дүниеге келген Әлішер Османов Ресейде USM Group корпорациясының негізін қалаған. Бұл топқа «Металлоинвест», «Удоканская медь», «МегаФон» секілді ірі компаниялар кіреді. «КоммерсантЪ» баспа үйі де Османовқа тиесілі. Бұның алдында ол ВК (ВКонтакте әлеуметтік желісі) мен «Арсенал» британ футбол клубына иелік еткен, ал 2022 жылғы наурызға дейін Халықаралық семсерлесу федерациясының басшысы қызметін атқарған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий