Боксшы Жәнібек Әлімханұлы Қытайда жеңімпаз атанды

75 келіде шаршы алаңға шыққан Жәнібек қытайлық Мингганг Жаомен кездескен болатын.

 

 

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Қытайда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңімпаз атанды.

75 келіде шаршы алаңға шыққан Жәнібек қытайлық Мингганг Жаомен кездескен болатын. Жерлесіміздің қарсыласы бірінші рундтан соң-ақ кездесуді жалғастырудан бас тартты. Бұдан бөлек, рингке Абылайхан Жүсіпов (64 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Иван Дычко (+91 кг) және Дариға Шәкімова (75 кг) шығады, деп жазады Sports.kz

Фото:vk.com

 


 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий