Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылды

17 сәуірде Қарасай аудандық соты жалпы көлемі 37,6 гектар жердің сату-сатып алу келісімін жою жөнінде шешім шығарды. Бұл жер экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа тиесілі болған.

Мәселе «Барыс» автобазары жайында.

Бұдан бөлек үкімет Болат Назарбаевқа тиесілі бір жарым мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруға тырысып жатыр.

Өткен аптада жергілікті БАҚ экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваға және Болат Назарбаевқа тиесілі 2000 гектар жердің мемлекетке өткенін жазған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий