Бразилиялық телехикаялардың танымал актерлері қазір қалай өзгерді? (фото)

Бір кездері көгілдір экранға еріксіз телміртіп, шым-шытырық махаббат оқиғасымен көрерменді баурап алған бразилиялық хикаялардың актерлері қазір қалай өзгерді?

Көрерменнің көзайымына айналған бразилиялық актерлерді NUR.KZ Comode.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

«Во имя любви», «Семейные узы», «Клон» телехикаяларының жұлдыздары әркімнің еміс-еміс есінде.

Режина Дуарте

Фото: Comode.kz

Режина Дуарте көпшілікке «Во имя любви» телехикаясы арқылы жақсы таныс. Қазір актриса 69 жаста, осы уақытқа дейін төрт рет тұрмыс құрды.

Фото: Comode.kz

Режинаның бірінші некеден Андре мен Габриэла есімді балалары, үшінші некесінен Жоао Рикардо есімді ұлы бар. Қызы Габриэла Дуарте анасымен бірге 1997 жылы «Во имя любви» хикаясында басты рөлді сомдады.

Фото: Comode.kz

Қазір Режина кино саласын саясатқа алмастырып, Бразилияның социал-демократтық партиясында қызмет етеді. Бос уақытында актриса саяхатқа шығып, отбасымен бірге болғанды ұнатады.

Сузанна Виейра

Фото: Comode.kz

Сузанна Виейра көрермендерге «Во имя любви» телехикаясындағы Бранканың кейпінде жақсы таныс. Оның естен кетпес ерекше дауыс ырғағы мен сыңғырлаған күлкісі көптің есінде жатталып қалды.

Фото: Comode.kz

Актриса биыл 73 жасқа толып отыр. Өмірден ләззат ала білетін бразилиялық әртіс көңіл көтерер тамаша сәттерді мүлт жібермейтінін айтады.

Фото: Comode.kz

Виейра үш рет тұрмыс құрған, әр некесінде актрисаның күйеуі өзінен жасы едәуір кіші болған көрінеді. Актрисаның соңғы ғашығының жас айырмашылығы — 41 жас. Сузаннаның бірінші некесінен Родриго Отавио есімді ұлы бар.

Вера Фишер

Фото: Comode.kz

Бұрын Бразилия аруы атанған Вера Фишер «Семейные узы» телехикаясында Эленаның кейіпкерін ойнап, жұртшылықтың сүйікті кейіпкеріне айналды. Осы ретте сюжет желісінің актрисаға арналып жазылғанын айта кету керек.

Фото: Comode.kz

Қазірде актриса тетрда бой көрсетіп, тіпті жеке спектакль қояды. Екі рет тұрмысқа шыққан актрисаның Рафаэла есімді қызы мен Габриэль есімді ұлы бар.

Фото: Comode.kz

Вера Фишер ұзақ уақыт бойы нашақорлықпен, ішкілікпен күресіп, тіпті ата-аналық құқығынан айырылған еді. Кейіннен бұл құқығын қайтарып алды.

Рейнальдо Джанеккини

Фото: Comode.kz

Рейнальдо Джанеккини ең бірінші қадамын 2000 жылы «Семейные узы» телехикаясынан бастады. Элена есімді өзінен едәуір үлкен әйелге ғашық болған Эдудің кейіпкері актердің бағын ашып, Бразилияның ең сымбатты актеріне айналдырды.

Фото: Comode.kz

Рейнальдо шынайы өмірде де өзінен 24 жас үлкен танымал тележүргізуші Марилия Габриэлеге үйленіп, сегіз жыл бірге тұрды.

Фото: Comode.kz

2010 жылы актер қатерлі ісік ауруына шалдығып, бірнеше жыл онымен күресіп келді. Ауыр науқастан айыққан Джанеккини өмірді жаңадан бастағандай әсер алғанын айтады. Қазір актер қайтадан телехикаяға түсе бастады.

Антонио Фагундес

Фото: Comode.kz

Антонио Фагундес «Земля любви», «Роковое наследство», «Во имя любви» телехикаясымен көрерменге танылды. Қазір 66 жасқа келген актер киноға сирек түседі.

Антонионың бірінші әйелі, актриса Кларисса Абужамрадан үш баласы бар, ал екінші некесін актриса Маре Карвальомен қиған актер тағы бір баланың әкесі атанды.

Фото: Comode.kz

Алайда, 20 жылдан соң, шаңырағы шайқалған Антонио қазір жас актриса Александра Мартинспен кездеседі. Бос уақытын актер отбасымен өткізіп, саяхаттағанды ұнатады.

Каролина Дикманн

Фото: Comode.kz

Каролина Дикманның актерлік дебюті «Тропиканка» телехикаясынан басталып, «Семейные узы», «Во имя любви» хикаяларында жалғасты.

Фото: Comode.kz

19 жасында Каролина өзінен 22 жас үлкен Маркос Фрота есімді актермен отау құрып, Дави есімді ұл туды. 9 жылдан соң ерлі-зайыптылар айырылысып кетті. Қазір Каролина  — телережиссер Тьягу Воркманның жұбайы, Жозе есімді ұлдары бар.

Мурилу Бенисиу

Фото: Comode.kz

Мурилу Бенисиу «Во имя любви» телехикаясындағы момын мінезді Леоның рөлін сомдаған.

Фото: Comode.kz

Актер Алессандра Негриниге үйленіп, Антониу есімді ұлдары дүниеге келді. Кейіннен Джованна Антонеллимен көңіл жарастырған Бенисиу екінші рет үйленіп, тағы да ұлды болды. Алайда, ерлі-зайыптылар 2006 жылы ажырасып кетті.

Фото: Comode.kz

44 жастағы Мурилу әлі күнге дейін ең табысты әртістердің қатарында. Тіпті Голливудқа шақырту алған актер Пенелопа Круспен бірге өнер көрсетті.



Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий