Британ премьері орамал тағатын әйелдерді қолдайтынын ашық айтты

Тереза Мэй. Фото: geo-politica.info

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй мұсылман қыз-келіншектерінің өз діндеріне сай орамал тағуын қолдайтынын мәлімдеді деп хабарлайды ummet.kz.

Премьер-министр Тереза Мэйдің бұл пікірі «Біріккен корольдіктің тәуелсіз партиясы» басшысы Пол Наттолдың Британияда мұсылман киіміне тыйым салу туралы бастамасына байланысты жарияланды.

Шотланд ұлттық партиясы атынан Тасмина Ахмед-Шейх үкімет палатасы отырысында премьер-министрге осыған қатысты сауал жолдаған.

«Мен әйел азаматшалардың өз таңдаулары бойынша киінулеріне толықтай келісемін», — деп атап өтті Мэй.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий