ҰБТ: Қарағандыда түлектер сынақтан жаппай жылап, кейбірі естен танып жатыр

Еліміз бойынша кеше ғана басталған Ұлттық бірыңғай тестілеу Қарағандыға да жетті. Бүгін ЖОО аудиториясына таңғы сағат сегізде кірген түлектер емтиханды тек екі сағаттан соң бастапты.

Қарағандыда ҰБТ-ның алғашқы күні қалай өткені туралы өңірдегі тілшіміз баяндайды.

Сыртта олардың тілеуін тілеп, тақым қысқан ата-аналарда шексіз көп. Үш сағатқа созылған тестіден соң шыққан оқушылардың көбі қобалжудан ба, қуаныштан ба әйтеуір бірінен соң бірі жылап жылап жатты.

Ақерке Тәңірбергенова үш сағатқа созылған емтиханнан еңіреп шықты. Жақындары жұбатқанымен өз-өзін әсте тоқатата алмады. Себебі, дайындық кезінде берілген тестінің бірде біреуі келмеді дейді.

Мектепті тек 4 пен 5-тік бағаға оқыған түлек осы 180 минут өмірінің ең қорқынышты түсіндей болғанын жасырмады. Таңдау пәнінен ғана еш мүдірмей дұрыс нұсқаларды белгілеген Ақерке «қалған сабақтар қиын болды», — дейді.

«Барлық пәннен мен оқымаған сұрақтар түсті. Әсіресе, математикадан есептері өте қиын. Жылағаным да содан. ЖОО өту балын жинай алмай қалған сияқтымын», — дейді жас түлек Ақерке Тәңірбергенова.

Ару Қадырова

Ал арнайы үлкен залда баласының іс-қиымылын аңдып отырған ата-аналар аудитория ішінде, емтиханның үстінде бір баланың талып құлағанын бейнетаспадан көрдік дейді. Ол уақытта сыртта жедел-жәрдем мен дәрігерлер де аяқасты жүгіріп кеткен еді.

«Сөйтсек: «Камерадан бәрі әлсін көрінеді ғой. Бірақ бір қыз құлап сол жерде он минут жатты. Он минуттан соң ғана жедел жәрдем қызметкерлері келді. Адам таситын құрылғылары жоқ. Қолдарымен көтеріп әкетті», — дейді сіңлісін күткен куәгер Ару Қадырова.

Болған жайтқа түсініктеме берер бір кісі болмады.

Ал жылпы биыл Қарағанды облысында жеті мыңға жуық оқушы мектептен түлепті. Оның 4700-і ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген.

«Алтын белгіге» ұсынғандар саны – 220. Үш күнге бөлінген жас түлектердің бүгін 1394-бірдей бағын сынап жатыр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий