Бурятияда жасөспірім мектепке балта және «Молотов» коктейлімен шабуылдады

Бүгін таңертең Улан-Удэ қаласындағы мектептердің біріне жасөспірім балта мен «Молотов» коктейлін алып кірген. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап «Сибирь.Реалии» сайты хабарлады.

№5 орта мектепке қаруланған 9-сынып оқушысы кіріп, жарылғыш затты үшінші қабаттағы сыныпқа тастаған. Соның салдарынан бірнеше оқушы жараланды. Өртенген ғимараттан шамамен 500 адам шығарылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, шабуылдан төрт адам зардап шеккен. Қылмыстық іс қозғалды.

Бұның алдында, 15 қаңтарда Пермь қаласындағы орта мектепке екі жасөспірім шабуылдап, 15 адамды жаралаған еді.

centralasian.org

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий