2022 жылдың қаңтар-маусым айларында 10 мың 632 қырғызстандық Ресей азаматтығын алған. Бұл жөнінде Ресейдің ішкі істер министрлігі хабарлады.
Қырғызстанның СІМ мәліметінше, жыл сайын әдетте 9 мың қырғызстандық Ресей азаматтығын алады. Соңғы 30 жыл ішінде 650 мыңнан астам Қырғызстанда туып-өскен азаматтар Ресей төлқұжатын алған.
Орталық Азия елдері ішінде Ресей азаматтығын ең көп алған — тәжікстандықтар. Былтыр жарты жыл ішінде 74 мың 160 тәжікстандық орыс азаматтығын алған. Осы уақыт аралығында 21 мың 647 қазақстандық, 14 мың өзбекстандық және 1 мың 549 түркіменстандық Ресей азаматтығын алған.