«КоммерсантЪ» басылымының мәліметінше, 2022 жылы Ресейге жұмыс істеуге 3,47 млн шетел азаматы келген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 871 мың адамға артық көрсеткіш.
Басылым дерегінше, 2022 жылы Өзбекстанның еңбек мигранттары 35,1 пайызға, немесе 377,7 мыңға көбейген. Тәжікстаннан (51,8%, 336,7 мың адам), Қырғызстаннан (17,7%, 84,6 мың), Қазақстаннан (118,3%, 62 мың), Әзербайжаннан (21,1%, 16,6 мың), Вьетнамнан (тоғыз есе артқан, 8 мың), Молдовадан (87,7%, 4,1 мың), Түркиядан (12,9%, 2 мың), Түркіменстаннан (шамамен 100 есе, 1,6 мың) және Қытайдан (12,2%, 1,3 мың) келгендер саны да артқан.
Басылым азаматтарының Ресейге келуі азайған елдер тізімін де жариялады. Армения (8,7 %-ға азайған), Украина (52,3 %), Сербия (19,8 %), Германия (19,3 %), Франция (22,2 %), Италия (20), АҚШ (29,5 %). ), Чехия (47,8%), Австрия (36,4%) және Нидерланд (37%).
Мәскеу мен Подмосковье (40%) мигранттар ең көп келетін аймақтар деп көрсетілген. Бұған қоса Санкт-Петербург, Ленинград облысы, Краснодар өлкесі, Иркутск облысы, Свердловск облысы, Амур облысы, Приморье өлкесі, Татарстан және Краснояр өлкесі еңбек мигранттары жиі келетін аймақтар екені анықталған.