Былтыр Тәжікстанда өндіріс орындарында 25 адам қаза тапты

2022 жылы Тәжікстанның өндіріс орындарында 25 адам қаза тауып, 46-сы түрлі жарақат алған. Бұл туралы елдің өндірістегі істердің қауіпсіздігін бақылау қызметінің басшысы Санъат Рахим хабарлады.

Оның сөзінше, бұл 2021 жылы тіркелген қайғылы оқиғалардан әлдеқайда көп.

«Қайғылы жағайлар негізінен инженерлердің салақтығы, қауіпсіздік ережелердің сақталмауы, жұмысшыларға тиісті деңгейде қауіпсіздік құралдарының жетіспеушілігі себеп болған», — деді Рахим.

Озоди радиосы қайғылы оқиғалар көп тіркелген өндіріс және кен орындарының тізімін жариялады. Оған сәйкес, негізінен тәжік-қытай бірлескен кәсіпорында апатты жағдайлар көп болған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий