Фото: lemurov.net
Тао отбасының баласын ұрлап кеткеннен соң артынша бүкіл ауыл болып бүлдіршінді іздейді. Бірақ бір айға өтсе де іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана балаларының мәңгілікке жоғалғанына амалсыз мойынұсынды. Арада бір жыл өткен соң Тао отбасы қуыршақтар көрмесіне шақырту алады.
Көптеген қуыршақтардың ішінен анасы таныс бейнені бірден байқады.
Ол алдымен бұл жай ғана ұқсастық деп ойлады. Жоғалып кеткен баласының қуыршаққа айналуы оған бос әңгіме болып көрінді. Алайда баланың әкесі де бұны байқаған, бірақ ол туралы әйеліне айтпауды жөн көрген. Аздан соң екеуіде ойларын бір-біріне ашық айтады.
Дәл сол сәтте бұның жай ғана ұқсастық емес екенін түсінген ата-ана қуыршақты жақыннан көруге бел байлайды. Ең қызығы олар қуыршақтың өз ұлдары екенін бірден таниды.
Болған оқиғадан соң ерлі-зайыпты ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп, Тао отбасының баласын сол уақытта кішкентай сәбилерді ұрлап, кейін олардан қуыршақ жасайтын қылмыскердің алып кеткені белгілі болды.
Ол сәбилерді ұрлап, кейін олардан қуыршақ жасап, көрмелер мен аукциондарда сатқан.
Тао отбасы сол күні өз балаларын өлтірген қылмыскермен бетпе-бет кездескенін түсінді. Қылмыскер бірден тұтқынға алынды. Ал Тао отбасы болса болған оқиғадан соң біраз уақытта дейін естерін жия алмай жүрген.