Centerra Gold қырғыз үкіметінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Centerra Gold Inc. компаниясы Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаровтың «Құмтөр» кеніне байланысты мәлімдемесіне пікір білдірді.

Онда компания кенге байланысты Қырғызстан үкіметін жауапқа тарту бойынша барлық заңдық әрекеттерді жалғастыра беретіні жазылған.

«Біз осыған дейін ашық мәлімдегендей, «Құмтөр» бұдан әрі да толығымен Centerra Gold Inc. компаниясына тиесілі болып саналады әрі біз «Құмтөр» кенін заңсыз басып алғаны үшін Қырғызстан үкіметін жауапкершілікке тарту үшін барлық заңдық әрекеттерді жалғастырамыз», — деген мәлімдемеде.

Қырғызстанның үкімет басшысы «Құмтөр» кеніне қатысты 20 қарашада пікірін білдірген:

«Осыдан бірнеше сағат бұрын, Канада уақыты бойынша 19 қарашада кешкісін Centerra Gold Inc. компаниясы оларға бұдан әрі тиесілі емес екенін, ол Қырғызстан халқының ұлттық мұрасы болып табылатынын айтып шешім қабылдады. Centerra Gold Inc. 926 млн долларды есептен шығаруға және «Құмтөр» кеніне бақылауды жоғалтқанын мойындауға мәжбүр болды».

Centerra Gold Inc. компаниясының бұл туралы мәлімдемесі 19 қарашада ресми сайтында да жарияланып, Онтарио провинциясының (Канада) Құнды қағаздар бойынша комиссия талабымен есеп берілгені жазылған. Компания 19 қарашадағы есебінде Қырғызстан тараптан жасалған бірқатар қадамдар «Құмтөр» кенінен айырылып қалуына себеп болғанын айтқан. Онда кенді басып алынғаны айтылған.

Канадалық компания басқарып келген «Құмтөр» кенін биыл мамыр айында қырғыз үкіметі бақылауына алған.

22 қыркүйекте қырғыз үкімет басшысы «Құмтөр Голдты» басқаруды үкімет өз қолына алғаннан кейін төрт ай ішінде 4,1 тонна алтын өндірілгенін, өлке 62 миллион доллардай табыс тапқанын айтқан. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев «Құмтөрден» Қырғызстан 90 миллион доллар тапқанын жариялаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий