«Chanel» империясының мұрагеріне перзент сыйлаған қазақ қызы кім? (фото)

«Chanel» империясының мұрагеріне тұрмысқа шыққан Тоғжан Ізбасарова миллиардер күйеуіне қыз тауып берді деп хабарлайды 31 арна.

Тоғжан жары Дэвидпен. Фото: ru.hellomagazine.com

Дэвид Вертхаймер мен қазақ аруы сәбилерінің есімін Ванесса деп қойған.

«Joliegazette» басылымының хабарлауынша, ана мен баланың денсаулығы жақсы. Естеріңізге сала кетейік, «Chanel» үйінің мұрагері қазақ қызына өткен жылдың наурыз айында үйленген болатын.

Тоғжан Ізбасарова. Фото: buro247.kz

Тұрмысқа шықпай тұрып Тоғжан Алматыдағы менеджмент және экономика институтында, «журналистика» мамандығы бойынша білім алған. Қазір ол Женевадағы «Вебстер» университетінде оқуын жалғастыруда.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий