Өзбекстанда коронавирус жұқтырған бір науқасты емдеуге мемлекеттік бюджеттен шамамен 1,4 мың доллар жұмсалып жатыр. Бұл туралы «Өзбекстан 24» телеканалы эфирінен Зангиатадағы №2 инфекциялық аурухана директоры Дониёр Миразимов мәлімдеді.
Оның сөзінше, күн сайын өлкедегі ковид-ауруханаларға 130-140 науқас түседі. Олардың дені — 60 жастан асқандар.
«Өлкеде коронавирусқа қарсы вакцина салу сәуір айында басталды. Қазір бізге көбінде түрлі себептермен вакцина алмаған адамдар жеткізіліп жатыр», — деді Миразимов.
9 қазанда Зангиатадағы №1 инфекциялық аурухана бас дәрігері ковид-орталыққа күн сайын 25-ке жуық бала жеткізіліп жатқанын, емделіп жатқандардың жалпы саны 160-қа жақын екенін айтқан. Ол бұған себеп елде коронавирустың дельта-штаммының жайылып жатқаны деген.