CPJ Тәжікстандағы тәуелсіз БАҚ журналистерін қолдады

Муллораджаб Юсуфзода (слева) и Анушервон Арипов после инцидента, Душанбе 17 мая 2022 года

Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists) 20 мамырда Тәжікстан билігін Озоди радиосы мен «Настоящее время» тілшілеріне жасалған шабуылды әділ тергеуге шақырды.

Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан комитет тәжік үкіметінен журналистерге оқиғалар барысынан еркін хабар таратуға мүмкін жасауын сұрады.

17 мамырда Душанбеде белгісіз біреулер «Настоящее время» телеарнасының төрт журналисі мен операторын ұрып, олардың телефондары мен техникасын тартып алды. Журналистер азаматтық белсенді Ульфатхоним Мамадшоевадан сұхбат алып келе жатқан.

Содан бері бір аптаға жуық уақыт өтті, тәжік билігі бұл туралы ешқандай ресми мәлімет таратпады.

Журналистерді қорғау комитетінің Еуропа және Орталық АЗия жөніндегі бағдарламасының үйлестірушісі Гүлноза Саид журналистерге күш көрсетуге болмайтынын айтты.

«Тәжікстан билігі шабуылға қатысты тергеу жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуы тиіс. Сонымен бірге, журналистерге аймақта болып жатқан оқиғаларды тәжік қоғамы мен әлемге жеткізуге мүмкіндік беруі керек», — деді ол.

Комитет тәжік билігі Таулы Бадахшандағы қақтығыстар туралы хабар тарататын жергілікті журналистерге қысым жасағанын хабарлады. Журналистер осындай қысым болғанын растап отыр. Мысалы, «Азия-Плюс» ақпарат агенттігі Бадахшандағы наразылық акциясынан хабар тарата алмайтынын, өйткені прокуратурадан ескерту алғанын мәлімдеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий