Дәрігерлер басына оқ тиген азаматтың түрін адам танымастай өзгертті (фото)

Америкалық дәрігерлер басына оқ тиген азаматтың бетін ауыстырып берді деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бұл фотодағы жігіттің есімі — Энди.

Эндидің 2006 жылы өз басына атқан оғы көздеген жеріне дөп тимей, қол жұмсау әрекеті сәтсіз аяқталған. Сегіз ай бұрын оған Миннесота штатында орналасқан атақты америкалық жеке медицина орталығында бет-әлпетін жөнге келтіру отасы жасалды.

Энди ота нәтижесіне дән риза. Ол бұл сәтті 10 жыл күткен.

Ал мынау атақты Патрик Хардисон.

Өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеген азамат жанып бара жатқан әйелді құтқарамын деп бетін оңбай күйдіріп алған. Оған 26 сағат бойы ота жасалынған.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий