Құдаларды арнайы төсекте аунататын «шымкенттік дәстүр» жұрттың таңданысын тудырды

Көрпені жабу сәті. Видеодан скриншот

«Құда мен құдағиға да арнайы төсек алып келіп, аунататын оңтүстіктің дәстүрі» көпшіліктің таңданысын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Оңтүстікте осындай дәстүр бар. Қызға көрпе-төсек алып келгенде құда мен құдағиға да арнайы төсек алып келіп, құда мен құдағиды жатқызып, аунатады. Ерсі көрінсе де бұл да бір қызық дәстүр. Сіз тұратын жерде де қызықты дәстүрлер болса бөлісіңіздер», — деп жазылған instagram желісіндегі sulu_kelin_kz парақшасында жарияланған видеода.

«Құда көрпе мен құдағай көрпе… Өздеріңіздің жолдарыңызды берсін деп шымкентте сондай ырым бар, жатыңыздар», — деп құда-құдағиды жатқыза кеткен көпшілік олардың үстіне көрпе жауып, аунатады.

Видеоны көрген жұрт бұл жайтты біресе жақтап, біресе даттап, қызу пікірталасқа түсті.

«Негізі бір жағынан дұрыс та секілді. Себебі ата аналары секілді бастары бір жастықта қартайсын деген ырымға сай келетіндей… Екінші жағынан солар секілді өсіп-өнсін деген көнеден қалған өз ырымдары сияқты… Әбестік көріп тұрған жоқпын», — деп жақтады желі қолданушыларының бірі.

«Ұят қой мынау», «Енді сұрақ? Егер де ата-ененің біреуі жоқ болған жағдайда калай болады бұл салт?», — деп түсінбестік білдірді келесі тарап.

Ал кейбірі мұндай дәстүр расымен де барын жарыса жазды.

«Иә, бізде де бар бұл дәстүр», «Қызылордада бар бұл ырым, бұның еш əбестігі жоқ», «Көрпе бүлкілдемесе, ұрпақ қайдан болсын? Қайнысы мен жеңгесін жатқызып қояды. Ұрпақты болсын, төсектері суымасын, бір жастықта бастары ағарсын деген ниет тілектен шыққан», «Негізі жатқызбай, немерелерімен бір отырғызып алатынын көргенмін», — деп жазған өзгелер.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий