Даниал Ахметов. Фото: sn.kz
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов исламның радикалды бағыттарын ақтап алуды қою керек деп есептейді. Мемқызметкерлермен діни экстремизм тақырыбында жиын өткізген өңір басшысы өз қызметкерлерінің діни сауатсыздығына да біраз шүйлікті деп жазады sn.kz 16news.kz порталына сілтеме жасап.
Облыс әкімінің пікірінше, салафилік діни топтарды «қалыпты» және «радикалды» деп бөліп-жаруға болмайды.
«Радикалдарды «қалыпты» және «қалыпты емес» деп бөліп, өз-өзімізі алдаудың қажеті жоқ. Бұл дегеніңіз қылмыскерді қауіпті және қауіпсіз деп екіге бөлгенмен бірдей», — дейді Ахметов.
Сондай-ақ, аталған жиында белгілі болғандай, ШҚО-да салафизм ағымын ұстанатын 432 тұрғын тіркелген екен. Ең көбі Аягөз ауданындағы 73 адамнан тұратын жамағат. Облыс әкімі олардың әрбірімен жеке жұмыс істеуді де тапсырды. Алайда, әдеттегідей жай уағыздармен шектелмей, адасқандарды тура жолға салатын әрекеттер жасау керек деп есептейді Даниал Ахметов.
Айта кетейік, дәл осы жиын барысында өңір басшысы мемқызметкерлердің жұмыс уақытында мешітке кетіп қалуына да тыйым салған болатын.
Аким ВКО посоветовал по пятницам ходить не в мечеть, а на работу