Дастан Оразбеков Жанар Дұғалова екеуінің қарым-қатынасы туралы шындықты айтты

Дастан Оразбеков пен Жанар Дұғалова. Фото: Instagram

Өнер әлемінде бір-біріне ғашық болып, отбасыларын тастап жатқан әртістер саны күн санап көбеюде. Мұндай жаңалыққа халық та үйреніп қалды. Бірнеше күн бұрын Instagram желісіндегі Kazak_star парақшасында Дастан Оразбеков пен Жанар Дұғалованың құшақтасып тұрған суреттері де көпшілік пікірін сан — саққа жүгірткен. Аталған суретке қатысты халықтың болжамына Дастан өзі жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.  

«Мен өз жарыммен бақыттымын, есімі оның  — Жанат. Елді алдап адам болмайсың. Санаң бола тұра санасыз тірлік жасағаның, надандықтың белгісі деп білемін. Ұйып тұрған отбасына іріткі салудың қажеті не?

Бұл «маxаббатым жүрегімде» телеxикаясына арнайы жасалған фотосессиядан алынған сурет», — деп жазған ол.

Дастаннан мұндай мәлімдеме күтпеген тыңдармандары әншіге шынайылығы үшін алғыстарын білдірді.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий