Әр қайсымыз дене қызуы көтерілгенде дәрімен басамыз, ал оның асқазаннан қан кетуіне, бауырдың улануына әкеліп соғатынын ескермейміз. Адамға суық тиіп, қызуы көтерілгенде шыдау өте қиын. Дәрісіз дене қызуын түсіруге бола ма деген сұрақ туындайды. Ия, халық емінде мынадай тәсіл қолданылады:
1.Денені жылы киімнен босату, көрпені алып тастау, осылайша ағзадан біршама қызуды кетіресіз.
2.Денені әрбір 30 минут сайын дымқыл (сулы емес) шүперекпен сүрту.
3.Желкеге, қолтық астына, шапқа (паховые складки), бауыр аумағына компресс жасаңыз
4.Осы температура шамасындағы суды көбірек ішкізу.
5.Бір грейпфрут, жарты лимон, немесе екі апельсин жеу
.6.Бөлмені желдетіп, ауасын тазалау.
Қызу түсіруге жақсы әсер ететін дәрілік өсімдіктер: Таңқұрай бұтағын (стебель малины) (жуан болғаны дұрыс) 20-30 минут қайнатып, түсі әдемі таңқурай түсіне енгенде, жиі-жиі қабылдау, ол күшті тер шығарады және дене қызуын басатын қасиетке ие.Таңқұрайдың гүлі және кептірілген жемісі де пайдалы.
Жөкенің (липа) гүлін бір алманың қабығымен қосып қайнатып, бал қосып жылы күйінде тез 3-5 шынаяғын ішу
Жылауық талдың (ива) қабығы табиғи салицил қышқылының көзі (аспирин) 20 гр тал қабығын 200 мл суға қайнатып, 30минут тұндырып, 1 ас қасықтан 5-6 рет күніне ішу.
Аюбадамның гүлі (цветы бузины), қарақаттың жапырағы мен бүршігін шай ретінде демдеп ішу.
Қызу түсіретін және тер шығаратын қасиетке мына өсімдіктер ие: жалбыз (мята), түймедақ өсімдігі (ромашка), құлпынай мен қойбүлдіргеннің (земляника) гүлі мен жапырағы, тасшөп (чабрец), киікоты (душица), алатікен (расторопша).
Әр отбасында осы аталған өсімдіктер тұрса, құба-құп болар еді.
Қайрымды адамдар әркез жетіспейді,
Қайрымды адамдар әркез тапшы,
Қайрымды адамдарды үнемі түсіне бермейді.
Қайрымдылардың жүрегі қаттырақ ауырады.
Қайрымдылар-ауруларға барынша көмектеседі,
Қайрымдылар жылылық пен жайлылық сыйлайды.
Қайрымдылар аурумен бірге жүреді.
Және ешуақытта рахмет күтпейді.