Денсаулық сақтау министрлігі қаңтарда күніне 3 мыңға жуық науқас тіркеледі деп болжайды

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал оптимистік сценарий бойынша өрбісе, қаңтарда күніне – 650 науқас, пессимистік сценарий бойынша 3 мыңға жуық науқас тіркеледі.

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев 22 желтоқсан күнгі үкімет отырысы кезінде осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, әзірге ахуал тұрақты, дегенмен жаңа жылдан кейін науқастар көбеюі мүмкін.

Министр міндетін атқарушының сөзіне қарағанда, соңғы екі аптада елде ауру көрсеткіші 31 пайызға азайған, инфекциялық және реанимациялық орындардың 19 пайызы – бос емес.

Премьер-министр Асқар Мамин көптеген елдерде Омикронға байланысты коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатқанын айтып, Қазақстан азаматтары санитарлық талаптарды сақтауы тиіс деді.

Министрліктің айтуынша, Қазақстанда әзірге Омикрон анықталмаған. Қазір Қазақстанда күніне орташа есеппен 500-600 төңірегінде науқас тіркеліп жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий