Депутат Смирнова: Латын тіліне көшсек, орыс әлемінен алыстап кетеміз

Ирина Смирнова. Скриншот видеодан

Нұрсұлтан Назарбаевтың латын қарпіне көшу туралы тапсырмасынан кейін, қоғамда латын әрпінің тағдырын билік басындағылар талқыға салуды бастап кетті. Кейбір депутаттар латын қарпіне ауыссақ орыс әлемінен алыстап кетеміз деген алаңдаушылықтарында жасырмады деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап NUR.KZ.

«Мұндай жолмен Қазақстан орыс әлемінен алыстап кетеді. Себебі, кириллица жойылса, бұл алфавит те жоғалады. Бұл мені жабырқатады», -деп пікір білдірді мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Естеріңізге салсақ, президент соңғы шыққан мақаласында үкіметке қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ғалымдар мен қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып жасауды тапсырды.

Тіпті, келер жылдан бастап мектепте латын қарпін үйрету үшін мамандар мен жаңа оқулықтарды шығару керек деп отыр. Мамандар әзірге 31 әріптен тұратын латын әліпбиінің нұсқасын жасап қойыпты.

Кезінде Ахмет Байтұрсыновтардың әліпбиінде 28 әріп болса, осыған үш кірме «в», «ф», «х» әріптерін қалдырдық дейді. Латыншаға көшсек, әліпбиде 42 емес, 31 әріп қана болуы мүмкін.

 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий